Оралда әкімдік мектепке дейінгі 40 мекемеге 77 миллион теңге қарыз

737

Білім басқармасындағылар өтелмеген қаражат барын мойындап отыр. Олар әр балаға төленетін қаржы өскендіктен, оны әлі төлей алмай келеміз дейді.

Оралда әкімдік мектепке дейінгі 40 мекемеге 77 миллион теңге қарыз

Оралда жеке балабақшалардың иелері жергілікті әкімдікті сотқа берді. Оған себеп, әр балаға төленетін қаражаттың әлі күнге дейін өтелмеуі, деп хабарлайды Atameken Business.

Жергілікті қауымдастықтың айтуынша кәсіпкерлер қазір пайда табуды емес, банк алдындағы қарызын қалай жабуды білмей дал.

"Біз жергілікті білім басқармасы мен әкімді сотқа береміз. Себебі нақты бізге бөлінетін қаражатқа солар жауапты. Олар 2018 жыл бойынша жеке кәсіпкерлерге, яғни мектепке дейінгі 40 мекемеге 77 млн теңге қарыз", – дейді жеке кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Хайдар Қапанов.

Білім басқармасындағылар өтелмеген қаражат барын мойындап отыр. Олар әр балаға төленетін қаржы өскендіктен, оны әлі төлей алмай келеміз дейді.

"Бюджет кодексіне сәйкес, егер қандай да бір жаңашылдық енгізілсе, қосымша қаржы республикалық бюджеттен бөліну керек. Сол себепті жаңа ереже бекітіліп, жылдың соңында ол қаражатты өтейтін ақша бюджетте болмады", – дейді қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Жанна Сахипкереева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу