Оралда алдағы жазда макарон цехы іске қосылады

892

Оралда алдағы жазда макарон цехы іске қосылады

Оралда тамыз айында құны  1,8 млрд теңгеге бағаланған макарон цехы іске қосылады, деп хабарлады баспасөз жиынында облыс әкімінің орынбасары Игорь Стесов. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" жазып отыр.

Жобаны "Желаев ұн өнімдері комбинаты" АҚ іске асырады. Макарон өнімдерін шығаратын цехтың құрылысы былтыр басталған.

Желаев ұн өнімдері комбинатының іргетасы  1978 жылы қаланған, қазір "Мартин" сауда белгісімен жұмыс істейді. Кәсіпорын бірнеше ұн сұрыптарын және макарон өнімдерінің 20-дан астам түрін шығарады. Қарамағында элеватор, диірмен, екі макарон фабрикасы, өндірістік-технологиялық зертхана және бірқатар қосалқы нысандары бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу