Оралда алты интернет-казиноға тыйым салынды

566

Қазақстан аумағында электрондық казино және интернет-казино қызметіне заңмен тыйым салынған. Соған қарамастан, аталған сайттар онлайн режимде құмар ойындарын өткізіп отырған. 

Оралда алты интернет-казиноға тыйым салынды

Оралда алты интернет-казиноға тыйым салынды. Орал қаласының прокуратурасы сот арқылы 777-azino.ru, 777faraon.org, casinoroom.com, elfarts.com, va-bank7.com және vulkanroyal.net сайттарын жапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Қазақстан аумағында электрондық казино және интернет-казино қызметіне заңмен тыйым салынған. Соған қарамастан, аталған сайттар онлайн режимде құмар ойындарын өткізіп отырған. Мысалы, vulkanroyal.net сайтында құмар ойындардың автомат, слот, рулетка, покер және басқа да 30-дан астам түрін ойнауға және Qiwi, Webmoney, Visa, Mastercard, Maestro, ATF24, Касса24 ақша төлемдерінің сервистері арқылы ақша тігіп, ұтысты алуға болады. Сондықтан Орал қаласы прокуроры vulkanroyal.net сайтын заңсыз деп тану туралы сотқа талап арыз беріп, ол биылғы 12 ақпанда қанағаттандырылды. 26 наурызда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі сайтты жапты. 

Дәл осылай басқа да интернет-казинолардың жұмысы тоқтатылды. Сонымен қатар, өткен жылы прокуратура мен мемлекеттік кірістер органдарының бірлескен жұмысының нәтижесінде Орал және Ақсай қалаларында заңсыз ұйымдастырылған 9 ойын залы жабылды. Айыпты бес тұлға ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабымен (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 44 компьютерлік техника мен 800 мың теңгеден астам қаражат мемлекет пайдасына тәркіленді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу