Оралда алты келі алып бала дүниеге келді

363

Шақалақ отбасында үшінші бала, салмағы 6 келіден асады, бойы - 63 см.  

Оралда алты келі алып бала дүниеге келді Фото: NewTimes.kz

Орал қаласында салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Орал қаласының тұрғыны, 1987 жылғы келіншек қалалық көпбейінді ауруханада 16 шілде күні салмағы 6 кг 170 грамм тартатын ұл баланы дүниеге әкелді.

"Аталмыш шақалақ – отбасындағы үшінші бала. Бойы - 63 см. Қазіргі кезде дәрігерлердің қатаң бақылауында. Ана мен баланың денсаулығы бірқалыпты. Ауруханадан ертең шығарады", — делінген БҚО денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу