Оралда алдағы үш жылда апатты деп танылған 41 тұрғын үй бұзылады. Тозығы жеткен 5 үйдің орнында қазір құрылыс жұмысы басталып кетті. Жыл соңына дейін тағы 5 үй бұзылады. Олардың орнына жекеменшік-мемлекеттік серіктестігі бағдарламасы аясында көпқабатты үйлер бой көтереді, деп хабарлайды 24.kz.
Ескі үйдің тұрғындарына жаңа нысаннан пәтер беру көзделген. Биыл апатты жағдайда тұрған білім ошақтарының мәселесі де толық шешілуі тиіс. Қазір қаладағы 1961 жылы салынған 300 орынды көне мектеп сүріліп жатыр.
Бұл нысанның құны 1 млрд теңгеге жуықтайды. Қаржы республикалық бюджеттен бөлінген. Мердігер кәсіпорын құрылысты осы жылдың желтоқсан айында аяқтауды жоспарлап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу