Оралда ауыз су жаңа технологиямен тазартыла бастады

147

Жаңа технология әзірге Байқоныс ауылындағы сорғы стансасына енгізілді.

Оралда ауыз су жаңа технологиямен тазартыла бастады Фото: freepik

Орал қаласындағы ірі коммуналдық мекеме ауыз суды тазартудың заманауи технологиясын қолданысқа енгізді. Мамандардың айтуынша, жаңа жүйе су сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін суды микробтар мен бактериялардан тазарту үшін сұйық хлор қолданылып келген. Енді оның орнына хлор диоксиді арқылы зарарсыздандыру жүйесі іске қосылды. Бұл реагент су құбырларының ішінде жиналатын биоқабатты толық тазартуға қабілетті. Сонымен қатар судың дәмі мен иісін жақсартып, зиянды заттарды ұзақ мерзімге бейтараптандырады.

Жаңа технология әзірге Байқоныс ауылындағы сорғы стансасына енгізілді. Бұл нысан тәулігіне 30 мың текше метр су айдайды.

Станция бастығы Нарбай Мамедшарипов жаңа әдістің тиімділігі жоғары екенін айтады.

"Бұрынғы тәсілдермен салыстырғанда, бұл – тиімділігі жоғары жаңа технология. Мақсат – ауыз судың сапасын жақсарту және тұтынушыларды бактериалды, вирустық ластанудан қорғау. Хлор диоксиді судың құрамында жанама өнімдердің түзілуіне жол бермейді, дәмін өзгертпей, кең ауқымда әсер етеді", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу