Оралда автобустағы жаппай төбелеске байланысты қылмыстық іс қозғалды

105

Куәгерлердің айтуынша, алдымен ер адам мен әйел арасында жанжал шыққан.  

Оралда автобустағы жаппай төбелеске байланысты қылмыстық іс қозғалды Фото: бейнежазбадан

Оралда MyFest фестиваліне қатысушыларды тасымалдап жүрген автобустың ішінде жаппай төбелес орын алды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Дауласып тұрған ер адам салонда отырған жігітке бұрыш баллонын шашып жіберген. Соның салдарынан жәбірленуші екі көзінен күйік жарақатын алған. Бұл жағдайға басқа жолаушылар араласып, кикілжің жаппай төбелеске ұласқан. 

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, төбелеске қатысқандардың барлығы анықталған. Олардың біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу қорытындысына сәйкес кінәлілер заң алдында жауап береді, – делінген ведомство хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу