Оралда азық-түлік бағасының қымбаттауына қарсы митинг өтті

1009

Санкцияланған шеруге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа және коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне қарсы шықты. 

Оралда азық-түлік бағасының қымбаттауына қарсы митинг өтті

Оралда әкімдіктің рұқсатымен бейбіт митинг өтті. Санкцияланған шеруге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа, азық-түлік бағасының және коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне қарсы шықты, деп хабарлайды Atameken Business.

Алаңға жалпы саны 40 адам жиналды. Олар бірінші кезекте азық-түлік бағасын ұстап тұру, қала аумағын абаттандыру мәселелерін көтерді.

Алаңға жиналғандар "Орал-Атырау" трассасы тегін әрі қауіпсіз болуы тиіс!","Шындықты айтқандар емес, нағыз қылмыскерлер қамалсын!" деген плакаттармен шықты.

Сонымен қатар митингке қанша айдан бері мәселесі шешілмей жүрген №2-ші мектептің оқушыларының ата-аналары да қатысты. Олардың айтуынша, "Венера" және "Речник" саяжай кооперативтерінде тұратын балаларға мектепке жету қиын. Ал екінші ауысымдағы сабақтар болса, кешкі сегізде бір-ақ аяқталтын көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу