Оралда бадминтоннан халықаралық турнир басталды

845

Оралда бадминтоннан халықаралық турнир басталды

Бұл күндері оралда бадминтоннан ересектер арасындағы АПАКС халықаралық турнирі өтуде. Жарыстың жүлде қоры – 10 мың АҚШ доллары, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жарысқа сегіз елден спортшылар қатысуда. Атап айтар болсақ, Қазақстаннан 30, Өзбекстан мен Ресейден 18, Австралия, Үндістан және Бахрейннен бір-бір өкіл бар. 

Турнирде жеңімпаз атанған спортшы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болады. 

Оралдағы жарысқа 32 төреші қазылық етуде. Оның ішінде төрт төреші Азия бадминтон қауымдастығының өкілдері. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу