Оралда балабақшадағы төрт бүлдіршінді жиһаз басып қалды

770

Тәрбиеші құлап бара жатқан шкафқа ұмтылып, сәбилерді барынша қорғап қалған.  

Оралда балабақшадағы төрт бүлдіршінді жиһаз басып қалды Фото: Inbusiness.kz

Оралда балабақшада шкаф құлап, төрт бүлдіршін мен тәрбиеші жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқыс оқиға 1 ақпанда қаланың Солтүстік-шығыс шағынауданында "Сәби" балабақшасында орын алған.

"Жедел жәрдем сағат 11.30-да шақыртылып, бригада 8 минуттан кейін жеткен. Шкаф құлап, бес адам зардап шеккен, оның төртеуі – бала. Алдын ала мәлімет бойынша жамбасының жұмсақ тіні көгерген 1976 жылғы әйел қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер тексергеннен кейін әйел амбулаториялық ем алуға жолданды. 2018 жылғы қыз балалардың денелері көгерген. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасында қаралғаннан кейін олардың жағдайы қанағаттанарлық болғандықтан, амбулаториялық ем алу үшін үйлеріне жіберілді", - деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу