Оралда қардың жиналып қалуына байланысты балабақшаның төбесі құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 12 ақпан күні сағат 08.20-да болған. Т.Масин көшесі 44-мекенжайында орналасқан №19 "Золотой петушок" балабақша-яслиі шатырының бір бөлігі опырылған. Оның көлемі – 35 шаршы метр. Төбенің жалпы алаңы – 500 шаршы метр.
Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына ТЖ департаментінен 3 қызметкер бір техникамен барды. Сондай-ақ, Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және білім беру бөлімдерінің өкілдері болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу