Оралда балалар үйінің екі тәрбиеленушісіне іздеу жарияланды

581

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Зачаган кентіндегі отбасылық үлгідегі балалар үйінде болған.   

Оралда балалар үйінің екі тәрбиеленушісіне іздеу жарияланды

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері 15 жастағы Максим Федулев пен тоғыз жасар Николай Харченко оныншы қыркүйекте жоғалып кетті. Түстен кейін мекемеден шығып кеткен олар уақытқа дейін оралмаған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі жергілікті “Мой город” басылымына сілтеме беріп.

“Барлық жеке құрамы жоғалғандарды іздеуге бағытталған”, - деп хабарлайды БҚО полиция департаментінен.

Балалардың ерекше белгілері: 

Максим Федулев жіңішке, бойы шамамен 160-165 сантиметр, шашы қоңыр, көзі қоңыр. 

Николай Харченко - төртінші сынып оқушысы, дене бітімі жіңішке, бойы 145-150 сантиметр, шашы ақшыл, көзі қоңыр.

Жоғалған балалардың қайда екендігі туралы кез-келген адам 102 нөміріне хабарлай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу