Оралда баспана құрылысына 9,8 млрд теңге бөлінді

405

Қазір 11 үй құрылыс-монтаждау сатысында.

Оралда баспана құрылысына 9,8 млрд теңге бөлінді Фото: Inbusiness.kz

Биыл азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге 9,8 млрд теңге бөлінді. 357,4 мың шаршы метр пайдалануға берілді, деп хабарлады қала әкімі Миржан Сатқанова брифингте, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Мой город порталына сілтеме жасап.

Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда облыс орталығында мемлекеттік бағдарламалар бойынша 14 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр, оларды екі жыл ішінде пайдалануға беру жоспарланған.

"Ақжайық" ықшамауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында 25 көпқабатты үйдің құрылысы жоспарланған. Қазір 11 үй құрылыс-монтаждау сатысында.

"Ішкі жолдарды салу және қажетті инженерлік желілермен қамтамасыз ету бойынша бірқатар жобалар қолға алынды. Халық саны өскен сайын әлеуметтік нысандарды, оның ішінде жаңа мектептерді салудың маңызы арта түседі. "Жайлы мектеп" жобасы – қаламыздағы мектеп жетіспеушілігі мәселесін шешуге тамаша мүмкіндік. Бұл жоба аясында 2023-2025 жылдары қалада 9900 орындық тоғыз мектеп салу жоспарлануда. Бүгінде Зачаганск ауылында екі мектептің және Деркул ауылында бір мектептің құрылысы басталып кетті", - деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу