Оралда Батыс Қазақстан облысының спорт ардагерлеріне құрмет көрсетілді

852

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыстың 30 жылдығына орай өңірлерде іс-шаралар циклін өткізуде. 

Оралда Батыс Қазақстан облысының спорт ардагерлеріне құрмет көрсетілді Фото: ҚР ҰОК

Кезекті салтанатты акция Батыс Қазақстан облысында өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстан облысында спорт мақтаныштарымыздың қатары көп. Солардың бірі – Екатерина Ларионова. Спортшы 2016 жылы өткен әйелдер арасындағы күрестен Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Жасөспірімдер арасындағы байдарка мен каноэде есуден әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы Мария Бровковадан әлі күтеріміз көп. Шорт-трек шебері Нұрберген Жұмағазиев те өзінің спорттық мансабын осы жерден бастаған. Кейіннен Азия ойындарының қола жүлдегері атанып, Қазақстан құрамасының бас бапкері болды.

Арнайы іс-шара аясында бізге жеңісті күндерді сыйлаған, 30 жыл ішінде Қазақстан Олимпиадалық қозғалысының дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер мен спорт қайраткерлеріне, көрнекті спортшылар мен жаттықтырушыларға құрмет көрсетілді.

Салтанатты шара аясында Екатерина Ларионова, Мария Бровкова, дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бердіғали Төлегенов, байдарка мен каноэде есуден Азия ойындарының чемпионы Алексей Дергунов және Қазақстан олимпиадалық қозғалысының дамуына үлес қосқан басқа да спорт қайраткерлері мерейтойлық медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кетейік, ҚР ҰОК делегациясы мерейтойлық іс-шаралар аясында еліміздің барлық өңірлеріне сапарлайды. Салтанатты акциялар атақты спортшылардың, ардагерлер мен спорт қайраткерлерінің қатысуымен өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу