Оралда "Батыс су арнасы" ЖШС басшылығы өзгерді

1166

Алайда су мәселесі әлі шешілмей жатыр. 

Оралда "Батыс су арнасы" ЖШС басшылығы өзгерді

БҚО-да "Батыс су арнасы" ЖШС-ына жаңа басшы тағайындалды. Мекемедегі өзгерістер сумен жабдықтау жүйесіндегі соңғы жылдары қордаланып қалған проблемаларын шешеді деп күтілуде, – деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

"Батыс су арнасы" ЖШС директоры болып бұған дейін Қарағанды облысындағы "АКВА-трейдинг" серіктестігін басқарған Әнуар Аркенов келді. 2019 жылдың қыркүйек айынан бері "Батыс су арнасы" ЖШС кәсіпорнын басқарған Қайырғали Имашев бас директордың орынбасары лауазымын атқаруда. 

Айта кетейік, 2016 жылы коммуналдық мекеме кейін сатып алу құқығымен "Су ресурстары-маркетинг Орал" ЖШС-ның сенімді басқаруына берілген. Алайда 2019 жылы ол 243 млн теңге қарызбен қайтадан мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал 20 шілде күні 35 жастағы қала тұрғыны Әділбек Таңжарықов "Батыс су арнасы" ЖШС кеңсесінің алдына қарсылық білдіріп шықты. Соңғы жылдары өзі тұратын тұрғын үйге судың жеткілікті берілмейтінін, "таңертең де, кешке де судың жоқтығынан" шаршағанын айтқан тұрғын пәтеріне су берілмейінше кетпейтінін айтып, шу шығарды. Белгілі болғандай, оның талабы қанағаттандырылған.

"Тұтынушыларды "Жайықжылуқуат" АҚ ЖЭО тарапынан суды берудің шектеліп тұрғаны себепті толық көлемде қамтамасыз ете алмай отырмыз. Қазіргі уақытта жағдай сол күйінде өзгеріссіз. Өзгерістер болған жағдайда қосымша хабарлаймыз", деп түсіндіреді "Батыс су арнасы" ЖШС.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу