Оралда бір күнде екі бала терезеден құлап кетті

172

Өңірде бүлдішіндердің терезеден құлау оқиғасы жиілеген. 

Оралда бір күнде екі бала терезеден құлап кетті Фото: Smolnarod.ru

Батыс Қазақстан полиция департаментінің мәліметінше, 7 шілде күні сағат 22:50-де Оралда 2019 жылы туған жас сәби бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты mgorod.kz-ке сілтеме жасап.

"Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - деп мәлімдеді полиция.

Бұған дейін денсаулық сақтау басқармасы 7 шілде күні түсте бес жасар баланың үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткенін хабарлаған. Сәби облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу