ТЖМ құтқарушылары лифтте қалып қойған бір топ адам мен нәрестені босатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Түнде Орал қаласы 112 қызметіне бойжеткен хабарласып, өзінің бір топ адаммен Ақан сері көшесінде орналасқан тұрғын үйдің бірінде лифтте қалып қойғаны туралы хабарлады.
"Шақырту орнына келген жедел-құтқару жасағы арнайы лифт кілтінің көмегімен есікті ашып, 6-шы және 7-қабаттар арасында тұрып қалған кабинаның ішінен 5 ересек адам мен 2025 жылғы нәрестені босатты", – делінген хабарламада.
Ешкімге медициналық көмек қажет болмады.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу