Өзекті мәселені шешу мақсатында өңірде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі жиі өтіп тұрады.
Кезекті жәрмеңкені қалалық жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырды. Жәрмеңкеге өңірдегі 40 шақты жұмыс беруші кәсіпорын қатысты. Жәрмеңкеге 500-ге тарта тұрғын қатысты. Шараны ұйымдастырушылар кемі 100 шақты адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ ниетте.
Қазір өңірде еңбек нарығында негізінен жұмысшы және техникалық мамандықтар зор сұранысқа ие. Соның ішінде жүргізушілер мен орта деңгейлі инженерлер және жол құрылысы саласының мамандары ауадай қажет. Түйіндеме қабылдағандар қатарында IT кәсіпорындар да аз емес.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу