Оралда бозбала балконнан секіріп кетті

260

Полиция қылмыстық іс қозғады.

Оралда бозбала балконнан секіріп кетті Фото: Inbusiness.kz

Қайғылы оқиға желтоқсанның тоғызында 6 шағын аудандағы көпқабатты үйдің бірінде болған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Куәгерлер 11 жастағы баланың балконнан құлағанын хабарлаған. Бала қазір жансақтау бөлімінде, өкпені жасанды желдету аппаратымен демалуда, деп жазды Мой город басылымы.

БҚО полиция департаменті аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғаған.

"Тоғызыншы желтоқсанда шамамен сағат 23:40-та 2012 жылы туған бозбала тоғызыншы қабаттағы пәтердің балконынан секіріп, аулада тұрған көліктің үстіне құлаған. Ол ауруханаға жатқызылды",  - делінген ПД таратқан мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу