Оралда бүтін бір отбасы газдан уланып, ауруханаға түсті

145

БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 18 желтоқсан күні болған.

Оралда бүтін бір отбасы газдан уланып, ауруханаға түсті Фото: orken-media.kz

Орал қаласында бір үйдің 5 баласы мен анасы табиғи газдан уланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта зардап шеккендердің барлығы дәрігерлердің жіті бақылауына алынды.

5 бала "Зачаган" кентінде орналасқан облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Ал, балалардың анасы қалалық көпбейінді ауруханада ем қабылдап жатыр. Мамандардың айтуынша, әйелдің жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.

Ведомство өкілдері зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу