Бұған дейін мұндай орталықтардың қызметі республикалық маңызы бар қалаларда ғана қолжетімді болатын. Орталықта аптасына 6 күн бойы халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында оқыту сыныптары жұмыс істейді. Бұл жерде кез келген тұрғынның өз білімін шыңдауға мүмкіндігі бар, деп хабарлайды 24.kz.
Заманауи үлгідегі цифрлық технологиялармен жабдықталған фронт-офис азаматтар үшін арнайы стенд-павильондармен жабдықталған. Сонымен қатар, қоғамдық қол жеткізу пункттері, "ConnectionPoint" өз-өзіне қызмет көрсету секторының да пайдасы көп болмақ. Мұнда келушілер планшеттердің көмегімен электрондық өтінімдерді өз бетінше тапсыра алады. Сондай-ақ оператордың көмегінсіз өздеріне қажет кез келген құжатты рәсімдеп, цифрлық сауаттылық дағдыларын шыңдай алады.
"Мемлекеттік қызмет көрсету реестрі бойынша қазіргі таңда 741 мемлекеттік қызмет түрі болатын болса, соның 454 мемлекеттік қызмет түрі электронды түрде көрсетіледі. Яғни бұл дегеніңіз 454 қызмет түрін осы орталық арқылы цифрлық орталық арқылы алуға мүмкіндік бар деген сөз", – дейді "Ааматтарға арналған үкімет" МК ОФ PR-менеджері Жәдігер Дәрменов.