Облыстық клиникалық аурухананың дәрігер-травматологы Ғалымжан Рамазанов өзіне-өзі қол жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 10 қыркүйек күні болған. 36 жасар дәрігер сағат 21.30-да өз үйінде асылып қалған. Әріптестері оны талантты да білікті дәрігер екендігін айтуда.
Қазіргі кезде осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Танымал дәрігердің мезгілсіз көз жұмуына байланысты денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің Фейсбуктегі парақшасында "Өкінішті, иманды болсын",- деп жазды
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу