Оралда депозиттік шоттан 17 миллион теңге ұрлағандар ізделуде

1036

Оралда депозиттік шоттан 17 миллион теңге ұрлағандар ізделуде

Белгісіз біреулер оралдық тұрғынның есепшотынан 17 миллион теңгені жымқырып кетті, деп хабарлайды Qazaqstan арнасы.

Ішкі істер органдары осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Оқиға желтоқсан айында болған. Әйел адам интернеттегі жарнама сайттарына "пәтер сатамын" деп хабарландыру берген. Іле-шала белгісіз біреулер "мүлкіңізді сатып аламыз" деп хабарласқан. Ақшаның бір бөлігін алдын ала салып жіберу үшін үй иесінің жеке куәлігі мен банк картасының нөмірін сұраған. Қаперінде ештеңе жоқ азаматша жеке құжаттарын фотоға түсіріп, WhatsApp желісімен бейтаныс адамдарға жіберген. Ал, алаяқтар деректерді мобильді банкингке тіркеп, әйел адамның депозиттік шотынан 17 миллион теңгесін алып қойған. Әрі банк қызметкерлерінің көзіне түспеу үшін, қаржыны бір күнде емес, араға уақыт салып, аз мөлшерде алып тұрған.

"Негізгі уақытта ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлімі бойынша алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүріп жатыр", - дейді Орал қалалық Ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисенов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу