Оқиға бүгін Зачаган кентіндегі "Жазира" аялдамасы маңында болды. №3 және №5 қалалық бағытта қатынайтын автобустар соқтығысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат..
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 10.39-да шақырылып, 10.43-те жеткен.
"Оқиға орнында 6 бригада жұмыс жасады. 1966 жылғы әйел ауруханаға жатудан бас тартты. Он адам (біреуі – ер адам, қалғаны - әйел) облыстық көп салалы ауруханаға жеткізілді. Оларды дәрігерлер қарап жатыр", – деді Айнагүл Сақпосынова.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу