Оралда 31 жастағы әйел екі баласын сатып жіберген

461

Ол үш жасар қызын 1 млн теңгеге сатқан.  

Оралда 31 жастағы әйел екі баласын сатып жіберген Фото: Mnews.kz

Орал қаласында 3 жасар қызын 1 млн теңгеге сатқан Қарақалпақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

"Орал қаласында балаларын сатқан Қарақалпақстан Республикасының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. 31 жастағы әйел 2018 және 2019 жылы туған екі баласын сатқаны анықталды. Бірінші факт 2018 жылғы маусымда орын алған. Әйел жаңа туған баласын Атырау облысындағы отбасылық жұпқа заңсыз жолмен асырап алуға берген. Ал екінші факт 2022 жылғы желтоқсанда болған. Бұл жолы ол өзінің үш жасар қызын 1 млн теңгеге Оралдағы жұпқа сатқан.

Бұл фактілер Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша іс қозғалды", - деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу