Оралда екі қыздан 1,6 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

229

Жеке тінту барысында олардың жанынан ұнтақ тәріздес зат салынған 30 орама табылды. 

Оралда екі қыздан 1,6 келі синтетикалық есірткі тәркіленді Фото: polisia.kz

ІІМ таратқан мәліметке сүйенсек, күдіктілер қала маңындағы орман алқабында қолға түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Жалға алған пәтерін тінту кезінде ұқсас заттар салынған 125 орама, ақ және қызыл түсті ұнтақ тәріздес заттары бар 5 контейнер, қара-сұр түсті тас тәріздес зат салынған 1 контейнер, сондай-ақ электронды таразы, zip-пакеттер және оқшаулағыш ленталар тәркіленді", - делінген ақпаратта.

Сараптама қорытындысы бойынша, алынған заттар:

  • "Alpha-PVP" — 817,16 грамм,
  • мефедрон — 782,44 грамм,
  • гашиш — 192,13 грамм.

Барлығы 1 келі 599,6 грамм есірткі заты анықталды.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде: жеткізу арналары мен ықтимал сыбайластар анықталып жатыр",- деп қорытындылады ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу