Оралда екі жасар қыз бала терезеден құлап кетті

219

Оқиға кеше қаладағы бес қабатты үйлердің бірінде болды.

Оралда екі жасар қыз бала терезеден құлап кетті Фото: Pixabay.com

Батыс Қазақстан облысы ТЖД мәліметінше, екі жасар қыз көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ересектердің қарауынсыз қалған алдағы айда екі жасқа толатын қыз бала екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Қазір ол ауруханада жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. БҚО ТЖ департаменті кішкентай балаларды бақылаусыз қалдырмау керектігін еске салады", деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу