Оралда екі жасар қыз өз үйінің ауласындағы дәретханаға құлап, көз жұмды

521

Бүлдіршін қараусыз қалған.

Оралда екі жасар қыз өз үйінің ауласындағы дәретханаға құлап, көз жұмды Фото: baq.kz

Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оқиға 21 шілде күні сағат 20:00 шамасында Деркөл ауылында болған. Абылайхан көшесінде орналасқан үйдің ауласындағы көше дәретханасынан Ә. есімді кәмелетке толмаған 2021 жылғы қыздың мәйіті табылды.

Ол үйінің ауласында ойнап жүргенде ауладағы дәретхананың шұңқырына құлаған. Қыздың дәретханаға құлағанын ойнап жүрген балалар көріп, дереу ата-анасына хабарлаған.  

Оқиға орнына жедел-жәрдем келгенімен, бүлдіршіннің жанын сақтай алмаған. 

ПД мәліметінше, оқиға орын алардан бұрын бүлдіршін қараусыз қалған.

Аталған факт СДБТ-ға жазатайым оқиға ретінде тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу