20 ақпан күні түскі мезгілде 77 жастағы зейнеткер әйел сауда үйіндегі ақша айырбастау пунктіне келіп, рубль ақшасын айырбастамақшы болған.
Күнде жаңартылып тұратын электронды таблоға қарап, ақша курсына үңіледі де, кейін келемін деп шешкен. Алайда әйелдің қимылдарын жіті байқап тұрған күдікті көшеге қайта шыққан зейнеткердің артынан ілесіп отырады. Үйіне дейін жетіп, подъездің алдына келе бергенде басынан ұрып, құлатып, қолындағы пакетін тартып алған.
Пакет ішінде азық-түліктері мен айырбастамақшы болған 200 мың теңге көлеміндегі ақшасы салынған әмиян болған. Орал қаласы ПБ Абай Пб қызметкерлері қолданған жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 47 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Ер адам ұрланған ақшаны жойып үлгерген. Аталған факті ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігіне (Тонау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.