Орал қаласында ер адам балалардың көзінше итті пышақтап өлтірген, деп жазады inbusiness.kz mgorod.kz порталына сілтеме жасап.
Болған жайт туралы еріктілер хабарлаған. Олардың сөзінше, мұндай әрекетке барған ер адам пышақпен қала көшелерінде еркін серуендеп жүрген.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бесінші тамызға қараған түні Гагарин көшесіндегі үйдің ауласында болған. Күдікті анықталды.
"Қалалық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық Кодексінің 316-бабы "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу