Оралда ақтөбелік блогер Мұрат Бірмағамбетов жетінші қабаттан секіріп кетті. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Сағат 10.40-та 7-үйдің жанынан 1984 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Ол жетінші қабат балконынан секіріп, өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиға орнынан марқұмның өзі жазып кеткен жазба табылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабына (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Әлеуметтік желіден мәлім болғанындай, блогер әрі вайнер, Ақтөбе КВН құрамасының бұрынғы капитаны болған Мұрат Бірмағамбетов 19 қараша күні жоғалып кеткен еді. Соған байланысты іздеу салынған болатын.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.