Оралда ерлі-зайыптының күйік шалған денесі табылды

174

Өрттің себептерін мамандар анықтап жатыр. 

Оралда ерлі-зайыптының күйік шалған денесі табылды Фото: Мой город

Оралдағы үйлердің бірінен ерлі-зайыптының күйік шалған денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Мой Город" басылымына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 3 шілдеге қараған түні болды. БҚО ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, сағат 02:34-те өртсөндірушілердің пультіне "Пенсионер" бау-бақша серіктестігінде 30 шаршы метр аумақта саяжай өртеніп жатқаны туралы шақыру түскен.

Сағат 4:30-да өрт толық ауыздықталды. Оқиға орнынан өртсөндірушілер екі адамның күйік шалған мәйітін тапты.

Өрттің себептерін мамандар анықтап жатыр. Тұрғындардың сөзінше, марқұмдар - жас ерлі-зайыпты.

"Олардың үйі су тасқынынан зардап шекті. Олар зиянды анықтау жөніндегі комиссияны күтті, бірақ оған жете алмады", - деді тұрғындардың бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу