Оралда ескі ұшақ дәмханаға айналады

841

Оралда ескі ұшақ дәмханаға айналады

Орал қаласында жергілікті кәсіпкерлер балаларға арналған елден ерекше мейрамхана ашпақшы. Ол үшін іскер жан Ақтөбе қаласынан есептен шыққан ескі ұшақты сатып әкелген. Қазір "Нан зауыты" ауданындағы саябақтың жанында техниканы құрастыру жұмыстары жүріп жатыр. Енді біраз күнде бүлдіршіндер 30 орындық "ЯК-40" ұшағының бортында тамақтанып, балмұздақ жейтін болады, деп хабарлайды khabar.kz.

Кәсіпкер сонымен қатар осы жерден ЕХРО көрмесіндегі "Нұр Әлем" павильонының кішкене көшірмесін салмақ ниетте. 

"Кішкентай балаларға да, үлкендерге де қарапайым мейрамханалар жетіп жатыр. Бірақ осындай ұшақ түріндегі мейрамханалар жоқ. Қалаға көрік береді деп ойлаймын", - дейді кәсіпкер Ержан Идиятов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу