Оралда ғимарат маңынан зорлық белгілері жоқ ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 28 ақпан күні "Жеңіс көшесі, 5" мекенжайда орналасқан "Жайық самалы" ғимараты маңында болды.
"Бүгін, 28 ақпанда шамамен сағат 07:30-да ер адамның зорлық-зомбылық белгілері жоқ денесі табылды. Оның кім екені белгілі болды. Өлімнің себебін анықтау үшін мүрде сараптамаға жіберілді. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жасады", - деп хабарлады ведомстводан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу