Оралда ғимаратқа бомба қойылды деп қоңырау шалған әйел ұсталды

779

 Қазіргі кезде ҚР ҚК 273-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Оралда ғимаратқа бомба қойылды деп қоңырау шалған әйел ұсталды

Оралда ғимаратқа бомба қойылды деп қоңырау шалған әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орал қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисеновтің айтуынша, кеше сағат 20.30 шамасында әйел адам өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа бомба қойылды деп қоңырау шалған. Сол бойда ғимарат қоршауға алынып, барлық тиісті іс-шаралар атқарылды. Ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ, қоңырау жалған болып шықты.

"Жалған қоңырау шалған 1985 жылғы әйел адам ұсталды, қазіргі кезде ҚР ҚК 273-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде", -  деді Н.Бисенов.

Айта кетейік, аталған бап (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша қылмысқа барған адам бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу