Оралда бүгін таңда "Променад" сауда үйі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, Сырым Датұлы көшесі 21-мекенжайында орналасқан үш қабатты "Променадтағы" өрт жөнінде сағат 05.50-де хабар түскен. Ғимараттың 2-қабатындағы "Еркемай" дүкенінде ойыншықтар мен жақтаулар жанған. Өрт аумағы 80 шаршы метрді қамтыды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу