Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта төтенше жағдайлар қызметінің күштері қираған құрылыстардың астынан 6 адамды тапты, оның бесеуі емдеу мекемелеріне жеткізілді, бір адам ауруханаға жатқызудан бас тартты.
"Сондай-ақ екі адамның денесі табылды. Тұлғалары анықталуда. Құрылыстардың астында тағы да адамдар болуы мүмкін. Құтқару жұмыстары жалғасуда", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде екі қабатты дәмхана ғимаратында алдын ала мәлімет бойынша газ-ауа қоспасының жарылуы нәтижесінде ғимараттың құлауы орын алып, кейін жанған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу