Орал қаласында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №8 мектеп-лицейі салтанатты түрде ашылды. Ол 1952 жылы салынған апатты мектептің орнына салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім беру жағдайын жақсарту және сапалы білімнің баршаға бірдей қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.
Бұған дейін Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан мектеп құрылысына 2,8 млрд теңге бөлген еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу