Оралда кардиоорталық үшін жаңа корпус салынады. Бұл туралы бүгін БҚО әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды ortcom.kz.
"Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында екі жоба жүзеге асты. Аталған жоба аясында облыстық ауруханаға құны 550 миллион тұратын магнитті-резонансты томогроф алынса, Шыңғырлау ауданының Лубен ауылында жобалық құны 117 млн теңгені құрайтын, ауысымына 35 адамды қамтитын дәрігерлік амбулатория салынды. Сонымен қатар Орал қаласында заманауи құрал-жабдықпен қамтылған кардиоорталыққа жаңа корпус алу жоспарлануда", -деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, өңір басшысы облыстағы қағазсыз құжат айналымы, медицина саласында цифрлық технологияларды пайдалану туралы сөз етті.
Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысында өлім бойынша ісік аурулары 7,3%-ке, қан айналымы жүйесі аурулары 10%-ке, ал туберкулез 21%-ке төмендеді.