Батыс Қазақстан облысында қарулы қылмыскерді ұстау кезінде батылдық танытқан екі полиция қызметкері марапатталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев Орал қалалық полиция басқармасының қызметкерлері – полиция капитаны Еркебұлан Жұмақашев пен полиция старшинасы Берік Лукпановқа "Қазақстан полициясына 30 жыл" төсбелгісін табыстады.
Олар 31 шілдеде Оралдағы дүкендердің бірінде сатушыны пышақпен қорқытып, кассадағы ақшаны алып кеткен күдіктіні ұстауға қатысқан.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті қысқа уақыт ішінде қолға түсті. Қылмыс ашылды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Департамент басшысы марапаттау кезінде полицейлердің батылдығы мен кәсібилігін атап өтіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі үшін алғыс білдірді.