Оралда кассадан ақша ұрлаған күдікті қолға түсті

94

Ұрланған қаражаттың жалпы сомасы 190 мың теңгені құрады.    

Оралда кассадан ақша ұрлаған күдікті қолға түсті Фото: polisia.kz

Орал қаласында полицияға дүкендерінің бірінен кассадағы ақшаның ұрлануы бойынша арыз түскен. Күдікті ақшаның ашық жерде тұрғанын пайдаланып, үлкен сомадағы ақшаны ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол дүкенде тағылымдамадан өтіп жатқан азамат болып шықты. Оның заңсыз әрекеттері бейнебақылау камераларына тіркелген.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу