Оралда қолайсыз ауа райына байланысты барлық бағыттағы қоғамдық көлік жергілікті сағат 11.00-ге дейін тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жолдар қалыпқа келген соң, қоғамдық көлік автобустары желіге шығады. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Орал қаласы білім беру бөлімі көктайғаққа және қоғамдық көліктердің тоқтауына байланысты 1 ауысымда сабақтың онлайнға ауыстырылғанын жеткізді.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, қоғамдық көліктердің жүрмеуіне байланысты такси бағасы шарықтап кеткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу