Осы бағыттағы жұмыс барысында Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында (Зачаганск кенті) ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған, тиісті деңгейде күтіп-ұсталмаған және қоғамдық қауіпсіздікке әлеуетті қауіп-қатер төндірген нысан анықталды.
"Нысанға іргелес аумақ бірнеше рет тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгу, алкогольдік ішімдіктер ішу және қоғамға жат өмір салтын ұстанатын адамдардың жиналу орнына айналған. Нысанның тікелей маңында қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркеліп, бұл жақын маңдағы тұрғын үйлер тұрғындарының негізді алаңдаушылығын туғызған", – делінген хабарламада.
Қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін төмендету мақсатында Комитет жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар жолданып, оларды қарау қорытындысы бойынша санитариялық іс-шаралар жүргізіліп, аумақ қоршалып, нысанға еркін кіру шектелді.
Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін барынша азайту бойынша шаралады одан әрі іске асыру шеңберінде 14 шілдеде аталған нысанды бұзу жұмыстары жүргізілді.