Оралда сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әйел туралы тың дерек шықты

483

Бүгінгі таңда нәрестенің құжаттары әлі жасалмаған. 

Оралда сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әйел туралы тың дерек шықты Фото: google.com

Орал қаласында қоқыс жәшігіне сәбиін тастаған әйел үш бала тәрбиелеп отыр. Кенже баласы бір жарым жаста, деп жазады inbusiness.kz mgorod.kz порталына сілтеме жасап. 

24 сәуір күні қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің табылғаны туралы ақпарат тұрғындардың жағасын ұстатты. Ұл баланың киімі болмаған әрі  полиэтилен пакетке оралған. Сәби ауруханаға жатқызылды, дәрігерлер оның табылғанға дейін 7-8 сағат бұрын дүние келген деген болжам жасады. 

Полицейлер сол күні нәрестенің анасын тапты. "Ана үйі" ресурстық орталығының өңірлік маманы Зәмзәгүл Шканованың сөзінше,  25 жастағы әйел ажырасқан. Оның мектеп жасына дейінгі үш баласы бар. Әйел анасы және өгей әкесімен бірге тұрады.

"Ол үшінші баласына жүкті болған кезде бізге жүгінді. Біз оған киім-кешекпен, азық-түлікпен көмектестік, еріктілерді тарттық. Алайда біз оның төртінші баласына аяғы ауыр екенін білмедік. Білген жағдайда көмектесер едік. Ол бізге айтпады, көмек те сұрамады. Бірақ оны қатаң айыптаудың қажеті жоқ, оны түсінуге тырысып, қолдау көрсеткеніміз дұрыс. Әйелдің денсаулығына байланысты проблемалары бар, жүктілік кезінде депрессияға ұшырап, қатты күйзеліске түскен болар. Ол жұбайымен ажырасып кеткен, күйеуі дінге жақын адам. Әйелдің сөзінше, ер адам алиментті тұрақты төлемеген, бірақ ол атаулы әлеуметтік көмек алған. Соңғы рет оған жаңа жыл қарсаңында барғанымызда бізге өз жағдайы туралы айтпады", - деді Зәмзәгүл Шканова.

Оның айтуынша орталық қызметкерлері бұл отбасының өмірін қадағалап, олармен жұмыс жүргізетін болады.

Қалалық қамқоршылық бөлімі нәрестеге қамқоршылықты рәсімдеуге немесе оны асырап алуға ниет білдірушілер қорғаншылық органдарына келіп, кеңес ала алады деп хабарлады. Бұдан бөлек олар бүгінде тергеу амалдары жүріп жатқанын жеткізді.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ауруханаға нәрестенің әжесі келген. Оған ең әуелі балаға туу туралы куәлік қажет екендігі, содан кейін қамқоршылық органдары арқылы қамқоршылық ресімдеу керектігі түсіндірілді. Бүгінде нәрестенің құжаттары жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу