Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының қалалық бөлімінде Тюленин көшесі мен Әбілқайыр хан даңғылының қиылысында тозығы жеткен коллектор жарылған. Оған 1971 жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмегені белгілі болды. 25 қарашада басталған авариялық-қалпына келтіру жұмыстары әлі күнге дейін жалғасуда, деп жазады inbusiness.kz.
Апатты қалпына келтіру жұмыстары кезінде "Батыс Су Арнасы" ЖШС су құбыры желілеріндегі қысымның төмендеуіне байланысты 4-ші ықшам ауданның және Әбілқайыр хан даңғылындағы көпқабатты үйлердің тұрғындары 5 тәулік бойы су тапшылығын көріп отыр.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі апатты жою бойынша барлық жұмыс 29 қараша күні кешке аяқталатынына, тұрғындардың үйлеріне су берілетініне уәде етті.
Орал қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі хабарлағандай, 24 қараша күні "Батыс Су Арнасы" ЖШС апаттық бригадасы көпқабатты үйлердің тұрғындарының шағымы бойынша Тюленин көшесі мен Әбілқайыр хан даңғылының қиылысындағы Д-700 мм кәріз коллекторын тексеруге шыққан. Нәтижесінде ағынды судың кәріз құдығында жиналып, коллектор арқылы өтпей қалғаны белгілі болды.
"Батыс Су Арнасының" авариялық бригадасы кәріз жуу машиналарының көмегімен кәріз магистралін тазалау бойынша шаралар қабылдады, бірақ нәтиже шықпады. Үйіндіні қазу кезінде ағынды су жиналған жерге коллектордың жоғарғы бөлігі құлағаны анықталды. 25-27 қараша аралығында ағынды су апатты учаскеден көршілес тұрған құдыққа дейін тұндырғының көмегімен жіберілді", - деп хабарлады Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары.
29 қарашадағы жағдай бойынша Әбілқайыр хан даңғылындағы №161, 161А үйлері, 4 ықшам ауданындағы № 2, 3, 3/1, 4, 4А, 10, 10А, 4/1, 2А, 24/1, 12/2 тұрғын үйлері мен алты мемлекеттік мекеме орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінен ажыратылған.