Оралда "Кómek" QR-кодының жобасы құрылды

346

Орал қаласының прокуратурасымен кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында мектептерде "Кómek" QR-кодтың жобасы құрылды. 

Оралда "Кómek" QR-кодының жобасы құрылды Фото: androidinsider.ru

Бұл QR-кодтар оқушылар мен олардың ата-аналарына прокуратура қызметкерлеріне  қорқыту, психологиялық қолдау және басқа да мәселелер бойынша тікелей жүгінуге мүмкіндік береді.

Хабарламалар анонимді және толық құпиялылықты қамтамасыз ете отырып, Орал қаласы прокуратурасының "Telegram" арнасының жедел желісіне жіберіледі.

Жоба оқушылар арасындағы балалардың зорлық-зомбылығын жою, сондай-ақ жасалған құқық бұзушылықтар туралы жедел хабарлау үшін іске асырылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу