Оралда коммерциялық бағыттағы нысандар құрылысын жүргізу мақсатында аукцион өткізілді

857

Оралда коммерциялық бағыттағы нысандар құрылысын жүргізу мақсатында аукцион өткізілді

Орал қаласы әкімдігінде жер телімдерін жалға беру құқығын сату үшін ағылшындық әдіспен аукцион өткізілді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"

Бұл аукцион коммерциялық бағыттағы нысандар құрылысын жүргізу мақсатында ұйымдастырылыпты.

Қала әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аукционға Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының 1 және 2-кезеңінен 8 жер телімі ұсынылды. Аукционға барлығы сегіз лот бойынша 14 адам қатысты. Аукцион қорытындысына сәйкес 8 жер теліміне жалға беру құқығы 197 мың теңгеден бастап 1 млн 301 мың теңгеге дейін сатылды.

Айта кетейік, бұл - Орал қаласында өткізілген алғашқы аукцион. Енді кәсіпкерлер сатып алған жерлерін Деркөл кентінің жаңа шағынаудандарындағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес тек өз мақсатына пайдалана алады. 


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу