Оралда көпір жөндеу кезінде жұмысшы өзенге құлап қаза тапты

330

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жазатайым оқиға 6 тамыз күні болған.

Оралда көпір жөндеу кезінде жұмысшы өзенге құлап қаза тапты Фото: Pixabay.com

Орал қаласында Шаған өзенінен өтетін жаяу көпірді жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кезінде 47 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Абайсызда қаладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметкері, 1977 жылғы ер адам көпірден суға құлап, батып кеткен. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеді. Қазіргі кезде мән-жайы анықталу үстінде", - деп хабарлады полиция департаменті.

Аталмыш жаяу көпір биылғы су тасқыны кезінде қираған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу