Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ақау біраз уақыт бұрын пайда болғанымен, қауіпті аймақ әлі күнге дейін толық ретке келтірілмеген.
"Бұл жерге ешкім келіп қарамайды, қоршау да қойылмаған. Әсіресе, кешкі уақытта өте қауіпті. Өзім балаларыммен осы жерден өткен сайын алаңдаймын", – дейді қала тұрғыны.
Осы жағдайға байланысты қала әкімдігі түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, аталған аумақ бұрын да уақытша қалпына келтірілген, алайда жауын-шашын суы топырақты қайта шайып кеткен.
Қазір опырылған бөлік қоршалып, қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Сонымен қатар көпірге техникалық тексеру жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша жөндеу жұмыстарының көлемі анықталған. Әкімдік мәліметінше, дайындық жұмыстары қазірдің өзінде басталған, ал негізгі жөндеу жұмыстары осы жылдың тамыз айында қолға алынбақ.