Оралда көпқабатты үйде болған өрттен бір адам көз жұмды

793

Оралда көпқабатты үйде болған өрттен бір адам көз жұмды

Оралда көпқабатты үйде болған өрт салдарынан 85 жастағы қарт көз жұмды, деп хабарлайды 24.kz.
Оқыс оқиға туралы хабар төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметіне бүгін таңертең 8:27-да түскен. Өрт шыққан Д.Қонаев көшесіндегі нөмірі 68-үйдің 50 шақты тұрғыны дереу қауіпсіз аумаққа көшірілді. Ал сағат 11 шамасында өрт толықтай сөндірілді. 
Өкінішке қарай, 17-пәтерден 1933 жылы туған әйел адамның мүрдесі табылды. Қазір арнайы қызмет өкілдері шығын көлемі мен өрттің шығу себебін анықтауға кірісті. 
БҚО ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Жәдігер Құсайыновтың хабарлауынша, апатты ауыздықтауға өрт сөндіру бөлімдерінің 37 қызметкері мен 12 құтқарушы және 12 бірлік техникасы жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу